Абай облысында сотталған әйел өзінің екі апталық демалысын анасының жанында өткізді

Сурет: polisia.kz
Абай облысындағы №21 мекемеде 40 жастағы әйел азаматы басқаның мүлкін талан-таражға салғаны үшін екі жылға сотталған. Ол адал еңбегі үшін еңбек демалысын мекемеден тыс жерде өткізуге мүмкіндік алған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.


"Маған артқан сенімі үшін колония әкімшілігіне алғыс айтамын. Мені 14 күндік еңбек демалысына жіберді. Демалысымды Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха қаласында тұратын анама барып өткіздім. Үйімді және үй тағамын қатты сағыныппын. Үйде қуанышты сезімге бөлендім, алайда кері қайту өте қиынға соқты. Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес", - деді сотталған әйел.

Мекемеден шықпас бұрын сотталған азамат колонияға қайтатыны туралы қолхат қалдырған.

"ҚР ҚК-нің 113-бабы (Мекеменің шегінен тыс жерге шығу) бойынша, яғни сотталған азаматтардың мекемеден тыс жерде еңбек демалысын өткізу, олардың қоғамға пайдалы байланыстарын қалпына келтіруге, заңға бағынуға деген ынталарын арттыруға бағытталған. Осы жылы мекемеден тыс жерлерге 100-ге жуық сотталғанға жолдама берілді. Бұл былтыргы жылмен салыстырганда өскен", - деді мекеме басшысының орынбасары Саят Алтаев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін