Биыл 7 мыңнан аса студент жатақхана үшін өтемақы алады

Сурет: pixabay
Елімізде осы оқу жылынан бастап 7 145 студенттің жатақханада тұру ақысы мемлекет тарапынан өтеледі. Президенттің халыққа арнаған жолдауында «әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған санаттағы жастар үшін жатақханада тұру шығыстарын субсидиялау» туралы үкіметке нақты тапсырма жүктелген.

Өтемақыны жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ мүгедектігі бар жастар алады, деп жазады qazaqstan.tv.

Биыл барлығы 7 мыңнан аса студент өтемақы алады. Олардың ішінде 4 мыңнан астамы жетімдер және ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттер, екі жарым мыңға жуығы мүмкіндігі шектеулі жандар. Жатақханада тұру шығындары үшін берілетін өтемақы сомасы жылына 29 айлық есептік көрсеткішке тең.

"Жатақхана төлемі 12 мың теңге болса, мемлекеттен 10 мың теңгесі төленеді. Ал өңірлерде жатақхана ақысы 7 мың теңге. Яғни мемлекеттен толық төленеді. Бұл тек мемлекеттік университетте оқитын студенттерге ғана емес, барлық осы санаттағы студенке төленеді." Ақерке Абылайхан, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі комитет төрағасының орынбасары
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды

Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал берді

Алматыда қыркүйек қандай болады: күзгі салқын қашан келеді және "күзгі жылымықты" күтуге бола ма