"Айшуақ". Алматы зообағы тағы бір төлмен толықты

Сурет: zakon.kz
Алматыдағы зообақта 2 маусымда таутайлақтың төлі дүниеге келген. Оған зообақ қызметкерлері Айшуақ деген ат беріпті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жануарлардың кішкентай төлдері бәрімізді қуантып, көңілімізді ерекше сезімге бөлейді .Біз жаңа туған әр бір төл үшін қуанамыз. 2 маусым күні зообағымыздағы таутайлақтар – Дастан мен Марси жұбында кішкентай таутайлақ өмірге келді. Біз оған Айшуақ деп ат қойдық. Түсі қызғылт сары, аспандағы айдың шуғаныдай болған соң осылай атадық. Оның көздері ерекше тұнық, кірпіктері де ұзын. Денесінде мамықтай жұмсақ жүні бар. Құлақтары үлкен, аяқтары жіңішке". Алматы зообағы

Айшуақ қазір өзін өте жақсы, сергек сезінеді екен. Секіріп ойнап, ата-анасына еркелейді.

"Кішкентай ламаны Сіздер зообағымыздағы түйелер мен Пржевальск жылқыларының жанындағы қоршаудан көре аласыздар. Ламалар түрлі шөптермен қоректенеді. Сұлы жармасын, картоп, сәбіз, қызылшаны да жақсы жейді". Алматы зообағы

Сонымен қатар қызметкерлер олардың қорегіне бор мен тұз қосып береді. Айшуақ әлі де анасының сүтін емеді. Арасында үлкен ламалар сияқты шөп пен жеміс-көкөністердің дәмін татып жүр.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Күн 48 градусқа дейін ысиды". Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді

Қазақстанда суару арналарына автоматтандыру жүйесі енгізілуде

Соңғы алты күнде "Семей орманында" 15 өрт ошағы анықталған

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы