"Қазақстан" шахтасындағы өрт: зардап шеккендер саны сегізге жетті

Сурет: pixabay
"Қазахстан" шахтасында сегіз адам зардап шекті. Бұл ақпаратты Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, зардап шеккендердің барлығы да профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада жатыр. 

Өрт бүгін таңертең шыққан. Шахтада 227 адам болған. Оның 222-сі жер бетіне шығарылса, бесеуі жер астында қалды.

Алты адам ауруханаға жатқызылды, екеуі жансақтау бөлімінде.

Қарағанды ​​облысы әкімдігінің мәліметінше, әзірше қаза тапқандардың аты-жөні анықталмаған. 

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ тау-кен сегменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огайдың айтуынша, қазір екі жұмысшының мәйіті табылған.

"Бұл мәйіттер жер бетіне шығарылып жатыр, содан кейін олардың кім екені анықталады. Қазіргі уақытта қалған адамдарды іздеу жұмыстары жалғасып, өртті оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Огай.

Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Шахтинск қаласының полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 2-бөлігі ("Тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

"Қазақстан" шахтасындағы ТЖ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз