Салтанатты кешке облыс әкімі
Нариман Төреғалиев арнайы келіп, жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтады.
"Мерейлі отбасы" байқауы – мазмұны мен тәрбиелік жағынан өзгеше іс-шара, яғни аға буынға "Артымда қандай ұрпақ қалдырамын?" деген ой салып, жас буынды әке салған жолды жай ғана жалғастырып қоймай, тың идеялармен байытып, жаңаша қарқынмен жетілдіруге жетелейтін, рухани байытатын шараның мәні тереңде жатыр. Бұл ұлттық байқау - ұрпақтар сабақтастығын жария етіп, елге қызмет етудің ең озық үлгілерін көрсетіп, өнеге алатын байқау ретінде қоғам алдындағы құндылығы арта түспек. Бүгінгі облыстық кезеңнің жүлдегерлері мен жеңімпаздарына сәттілік, барша қатысушыларға амандық, татулық пен ауызбіршілік тілеймін!" Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев
Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Мерейлі отбасы" байқауы 2013 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. 10 жыл ішінде ұлттық байқаудың кезеңдеріне 2 000-нан аса отбасы қатысқан. Байқауға түрлі отбасы, оның ішінде көпбалалы, ерекше балалары бар отбасылар, ардагерлер, сондай-ақ еңбек және шығармашылық әулеттер қатысты.
Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдеге Қазталов ауданынан Ниетқабыловтар отбасы ие болды. Жеңімпаз отбасы қыркүйек айында Астанада өтетін республикалық кезеңде батыс өңірінің намысын қорғамақ.
Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі