Түркістанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі талқыланды

Сурет: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі
Түркістанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі талқыланды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған дөңгелек үстелде қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен мемлекеттік ұйым өкілдері сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгінгі алқалы жиынның Түркістан топырағында өтуінің өзіндік символдық мәні бар. Бұл өңір – ұлы дала өркениетінің бесігі, тамыры терең тарихымыздың, берік дәстүріміздің қасиетті ордасы. Мемлекет басшысы киелі өңірде өткен Ұлттық құрылтайда ұрпақ тәрбиесі, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, әлімжеттік, отбасы құндылықтарын сақтау мәселелерін көтеріп, тиісті тапсырма берген болатын". Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі

Сондай-ақ министр бұл іс-шараны арнайы киелі Түркістан жерінде ұйымдастырудың себебі осындай ауыр қылмыстың жұрт болып жиылып шешімін табу, қоғамда әдеп нормасын қалыптастыру, профилактика шарасын егжей-тегжейлі талқылап, азаматтық сектор, жауапты органдармен бірлесіп жедел іс-қимыл жасау екенін айтты.


"Бүгін арқаны кеңге салсақ, ертең кеш болуы мүмкін. Дабыраға салмай, ешкімді дүрліктірмей, проблеманы ашық мойындап, екшелген шешім, зорлық-зомбылыққа қарсы қоғам мәдениетін нығайтуымыз қажет деп есептейміз. Өздеріңіз білесіздер, ҚР Президенті Қ.Тоқаев өткен жылды “Балалар жылы” деп жариялап, халыққа Жолдауы мен Ұлттық Құрылтайдағы сөзінде балалардың әл-ауқаты, біліміне инвестиция, қауіпсіздігі мен болашағына қатысты бірқатар бастама көтерді. Біз сол бағыт-бағдардың аясында жұмыс істеуіміз қажет".Дархан Қыдырәлі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты