"Шымкенттегі "Жайлаукөлде" қолтырауын жүр" деген видео жұртты дүрліктірді

"Шымкенттегі "Жайлаукөлде" қолтырауын жүр" деген видео жұртты дүрліктірді. Желі қолданушылары бұл қолтырауынның зообақтан қашып кеткенін айтқан. Алайда мекеме басшылығы мұны жоққа шығарды. Мұнда бес қолтырауын бар. Олар қашан да қызметкерлер бақылауында екен, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Менің мұнда жұмыс істеп жатқаныма 40 жылға таяды. Алайда жануарлардың бұл жақтан қашып кеткенін көрген емеспін. Оның үстіне террариумда тұратын қолтырауындар өз еркімен сыртқа шыға алмайды. Біздегі қолтырауынның бәрі өз орнында тұр. Мұндай ақпарат қисынға келмейді". Шымкент қалалық зообағы террариум бөлімінің меңгерушісі Раиса Долгова

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, "Жайлаукөл" демалыс аймағының әкімшілігі жасанды көлдегі су Төлеби ауданындағы бұлақтан ағып келетінін айтқан. Сондықтан су мұздай. Оның айтуынша, суық суда бауырымен жорғалаушының өмір сүруі мүмкін емес және "Жайлаукөл" суы жиі тексеріледі.

"Ондай ақпарат жалған. Қолтырауын жоқ. Оның үстіне, қолтырауын жүретіндей Шымкент "Африка" емес қой. Біздің жақ оларға суық болады. Біз әр кез сайын тексеріп, балықтарды ауыстырып тұрамыз. Ол кезде артық ештеңе көрген емеспіз". "Жайлаукөл" демалыс аймағының бөлім басшысы Асылбек Абдуллаев

Демалыс аймағы қызметкерлерінің айтуынша, көлде балықтар көп. Олар кейде шоғырланып жүреді. Келуші соны көріп, "Қолтырауын" деп ойлап қалған болуы мүмкін" деп топшылайды.

Шымкент
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: