Түркістан облысында қарасораның ірі плантациясы табылды

Сурет: ҚР ІІМ
"Қарасора – 2023" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдерімен бірлесіп, "Бүркіт" арнайы мақсаттағы жауынгерлерінің қатысуымен Түркістан облысы аумағында әуеден барлау жүргізді.

Оған Ұлттық ұланның авияциясы жұмылдырылды.

Арнайы бірлескен операция кезінде Сауран ауданы Қызылшаруа ауылына қарасты Сырдария өзенінің жағалауындағы тоғай арасында күтіп, бапталған 4500 түп құрамында есірткі бар қарасора өсіп тұрған алқап табылды.

Сот-сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі өсімдігінің салмағы бір тоннаға жуық, яғни 974 келі болды.

Сондай-ақ төбеден барлау жүргізу барысында Түркістан және Қызылорда облысы шектесетін аймақта салмағы 17,5 келі болатын, 90 түп қарасора анықталып, жойылды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі