Отандық ғалымдар халықаралық су-энергетикалық консорциумын құруды ұсынады

Сурет: primeminister.kz
Қазақстандық ғалымдар тездетіп халықаралық су-энергетикалық консорциумын құру керектігін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы елімізде өтіп жатқан Тәжікстанның мәдениет күндері аясында қос мемлекеттің ғылыми қауымдастығының басқосуында айтылды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Басқосуда қос елдің ғалымдары азық-түлік, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экология тақырыбына қатысты ой бөлісті. Сейсмикалық қауіпсіздіктің мемлекетаралық талаптарын әзірлеу қажеттігі де айтылды. Оған қоса,  биологиялық қауіпсіздік  мәселесі екі тарапты бірдей толғандырады. 


"Ұтатын жерлеріміз көп. Әрбір мемлекеттің ұтатынын, соны түсіндіріп айтуымыз керек. Үкіметтің мүшелеріне, келісіп жатқан мамандарға ол не үшін керек? Ол үшін ғылыми негіздеме жасауымыз керек? Су энергетикалық  консорциумының негіздемесін жасасақ, менің өз ойым, келісімдерге жол ашылады. Соны тезірек жылжыту үшін дәлделдер, аргументтер керек. Сол аргументтерді ғылыми негіздеме сипатында әзірлесек деген ойдамыз". ҚР ҰҒА президентінің орынбасары Ақылбек Күрішбаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Оралда әкімдер мен депутаттың да үрейін алған блогер сотталды

Қазақстанның ресми халық саны аталды

Бас прокуратурада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті