Астанада айлық жауын-шашын мөлшері бір кеште жауды

Сурет: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Астанда нөсерлеп жауған жауын-шашынға байланысты қала бойынша 100-ден астам техника (ассенизаторлық машиналар мен мотопомпалар) жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана әкімдігі бір кеште айлық жауын-шашынның мөлшері жауғанын хабарлады. "Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, айлық норма 31 мм болса, бүгін 42 мм жауын-шашын жауған.

"Бүгін су басқан негізгі учаскелердің бірі – Ұлы Дала даңғылы. Мұнда тазарту қондырғылары салынып жатыр, жоба әлі аяқталған жоқ. Нөсерлі кәріз желілері мен тазарту құрылысын салу мәселесі қала әкімдігінің бақылауында. Бұған дейін 200-ден астам проблемалы учаскеде су тасқыны мәселесі шешілді". Астана әкімдігі

Сонымен бірге әкімдік биыл жер үсті ағындарын бұру үшін 2,5 шақырым магистральдық нөсерлі кәріз желілерін салу жоспарланып отыр.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады