Шымкентте аса ірі мөлшерде есірткімен ұсталған азамат 10 жылға сотталды

Сурет: Zakon.kz
Тұран АПБ-ның учаскелік инспекторлары әкімшілік аумақта қызмет атқару барысында адам аз жүретін көшелердің бірінде құбыр астынан әлде бір затты іздеп, тапқан олжасын бірден қалтасына жасырған күдікті жігітті байқаған.

Олар мән-жайды нақтылау үшін "102" арнасына хабарласып, оқиға орнына жедел-тергеу тобын шақыртқан. Тәртіп сақшылары ер адамнан ұнтақ тәріздес заттар салынған 10 орама, жиналмалы пышақ және бір трамадол дәрісінің пластинкасын тәркіледі.

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған ұнтақ "а-PVP" психотроптық заты екені расталды. Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.

Нәтижесінде 23 жастағы жергілікті тұрғын Telegram арнасы арқылы жұмысқа орналасып, бейтаныс адамдардың нұсқауы бойынша есірткі қойып кетумен айналысқаны белгілі болды. Қызметі үшін ақыны электронды түрде алып отырған.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін ішінара мойындады. Алайда жинақталған айғақтардың жеткілікті болуына байланысты сот оны кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр