Мемлекет басшысы Астанада салынған жерасты өткелін сынға алды

Сурет: Zakon.kz
29 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы өкілетті омбудсмендермен және құқық қорғау құрылымдарының өкілдерімен кездесуінде Астанада салынған жаяу жүргіншілер жерасты өткелі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, өкілдіктердің әкімдерге функционалды тұрғыда бағыныштылығын төмендету және Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдерді тағайындау кезінде Бала құқықтары жөніндегі омбудсменінің рөлін күшейту маңызды.

"Жақында Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылды. Бұл жұмыста инклюзивтілікті дамытуға баса назар аудару керек. Мүмкіндіктері шектеулі азаматтар жеңілдіктерді пайдаланып қана қоймай, қоғам өміріне белсенді араласу мүмкіндігіне ие болуы қажет. Мысалы, Астанада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасалмаған жерасты өткелі салынды. Бұған мүлде жол беруге болмайды", - деді президент.

Тоқаевтың сөзінше, әәкіл олардың әлеуметтік тұрғыда бейімделуі үшін инфрақұрылымды дамытуға қатысты жобалар әзірледі. Үкімет оларды қолдау және жақын арада жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруы керек.


"Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесін заңнамалық тұрғыда бекіту қажет. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге еліміздегі бизнес-ахуалды жақсартуға қатысты маңызды міндет жүктеледі", - деді ол.
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Қазақстан жолдарына лазерлік жүйелер орнатылып жатыр: ІІМ маңызды мәлімдеме жасады

Жасанды интеллект қауқарсыз болды: Ford жұмыстан қысқарған инженерлерін қайта шақырды

Қазақстан сиыр етін экспорттауға алты айлық шектеу енгізбек