"Жүрек тұсына оқ тиген". Әйелді баласымен ажалдан құтқарған офицердің заттары ІІМ мұражайына қойылды

Сурет: polisia.kz
Әйелді баласымен ажалдан құтқарған офицердің заттары ІІМ мұражайына қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қалқаман Сембаев - 40 жылдан астам уақыт бұрын қызмет бабында қаза тапқан милиция лейтенанты.

Ол Целиноград облысы ІІБ Атбасар ауданының ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істеді. Офицер 1982 жылы 22 қыркүйекте әйел мен баланы мылтықпен қаруланған ер адамнан құтқарамын деп, көз жұмды. Оның жүрек тұсына оқ тиген.


Сурет: polisia.kz

Қаза тапқан полицейдің әйелі Екатерина Сембаева Ішкі істер министрлігінің музейіне құнды жәдігер – оқ ізі қалған китель, бас киім, әріптестерінің әсерлі хатын, ескі фотосуреттерін, Алматы милиция мектебін бітіргені туралы дипломын тапсырды.

Полиция қызметкерлері Екатерина Сембаеваның әңгімесін ерекше ықыласпен тыңдады.

Шараға марқұм полицейдің қызы Армангүл Сембаева, немерелері Арлан мен Нұржамал қатысты. Әкесінің даңқты жолын жалғастыра отырып, қызы бүгінде көліктегі полиция департаментінде қызмет етіп келеді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Қазақстанның 14 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі: тізімде Астана мен Алматы бар