Алматыда жаңадан сатып алынған 600 газ автобусы мен 100 троллейбус қашан жүре бастайды

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
2023 жылғы 31 тамыздан бастап №38, 38а және №37 маршруттарына жаңартылған 18 метрлік 60 автобусы адамдарды тасиды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін жылжымалы бірліктердің жетіспеуіне байланысты бұл бағыттардағы қозғалыс аралығы 40 минутқа дейін жеткен. Автобустар жаңартылған соң қарбалас уақытта жүріс жиілігі 6-7 минутқа дейін азаяды.

Ал бұрынғы автобустар №201 маршруттың жылжымалы құрамын ауыстырады. 

Осылайша, №201 маршрутта 24 бірлік 18 метрлік автобус қызмет көрсетеді. Осыған дейін бұл маршрутта қозғалыс аралығы 15 минутқа дейін жеткен, енді 7 минутқа дейін азаяды.

Айта кетейік, Алматыда биыл коммуналдық автопарк 600 газ автобусы мен 100 троллейбус сатып алып жатыр. 

100 автобус қалаға келді және құжаттарының ресімделуіне қарай желіге шығарылып жатыр. Бұған дейін №24 және №125 маршруттардың жылжымалы бірліктері жаңартылған еді. 

Қалған автобустарды жыл соңына дейін қалаға жеткізу жоспарланып отыр.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды