Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 382 мыңға жуық бала барады

Сурет: Zakon.kz
1 қыркүйекте 382 мыңға жуық бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды және оның 70%-ға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді.
"1-сыныпқа баратын оқушылардың ең көп саны Алматы қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында тіркелген. Балаларды қазақша оқытатын сыныптарға қабылдау бойынша ең жоғары көрсеткіш Шымкент қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында байқалып отыр", - делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.

Жаңа оқу жылында 11-сыныпта оқитындардың саны да рекорд көрсеткішке жетіп отыр - 188 900 оқушы. Жалпы 2023-2024 оқу жылында мектептерде 3,9 миллионға жуық оқушы білім алады.  

Сонымен қатар биылғы оқу жылын 55 мың бала жаңа мектепте бастайды. 2023 жылдың соңына дейін жаңа 132 мың орындық білім беру ұйымдары пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Елімізде барлығы 7,7 мың орта білім беру ұйымы бар.

Алматы
Шымкент
Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі