Қанша қазақстандық зейнетақы жинақтарын баспана сатып алуға, емделуге жұмсады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 2023 жылғы 31 тамызда «Аманат» партиясының депутаттары алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2 миллионнан астам зейнеткердің зейнетақысын сараланған арттыру жүргізілгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысының айтуынша, бүгінде мемлекеттің зейнетақы бағдарламасына жұмсаған шығыны 3 триллион теңгеден асады.

"1 миллионнан астам адам зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге пайдалану құқығын пайдаланды... Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әйелдердің зейнеткерлік жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып белгіленді. Осыған байланысты қосымша шығындар. 800 млрд теңгеден астам соманы құрайды". Әлихан Смайылов

Ол биылғы жылы азаматтарға зейнетақы жинақтарын басқару құқығы берілгенін атап өтті.

"Салымшылар өз бетінше таңдаған жеке басқарушы компанияларға жинақталған зейнетақы қаражатының 50 пайызын аудара алады". Әлихан Смайылов

Сонымен қатар, Премьер-Министр атап өткендей, биылғы жылдың басында Үкімет цифрлық отбасы картасын енгізді.


"500 мыңнан астам қазақстандық проактивті әлеуметтік қолдауға ие болды". Әлихан Смайылов
Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Қазақстан мен Черногория сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді