Ақтөбелік оқушылар зейнеткерді тонаған ұрыны қуып жетіп, ұстауға тырысқан

Сурет: polisia.kz
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы ұрыны ұстауға көмектескен оқушыларға алғысын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 26 тамызда Жеңіс даңғылында болған. Онда қылмыскер зейнеткердің ақшасы мен құжаттарын тонап кеткен.

Оқиғаның кездейсоқ көріп қалаған №16 мектептің 11-сынып оқушылары бейжай қарамай, "102"-ге қоңырау шалып, полиция келгенге дейін қылмыскерді қуып жетіп, оны видеоға түсіріп, ұстауға тырысқан.

"Олардың қырағылығы мен батылдығының арқасында полиция қызметкерлері санаулы уақыт ішінде қылмыскерді қуып жетіп, ұстаған. Абай Жусупов жасөспірімдерге батылдығы, біреудің қайғысына бейжай қарамаған мейірімділігі және қысылтаяң жағдайда уақытылы көмек көрсеткені үшін алғыс айтты". Polisia.kz


Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды

Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал берді

Алматыда қыркүйек қандай болады: күзгі салқын қашан келеді және "күзгі жылымықты" күтуге бола ма