Тоқаев Вьетнам Президентін және халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Во Ван Тхыонгты және Вьетнам халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.


"Біз шынайы достық пен табысты саяси диалогқа негізделген Вьетнам Социалистік Республикасымен арадағы конструктивті серіктестікті жоғары бағалаймыз. Жуырда Ханойда Қазақстан-Вьетнам қатынастарының барлық бағыты бойынша өткен ашық әрі мазмұнды талқылауларымызды ерекше еске аламын", - деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растап, Вьетнам басшысының игі бастамаларына табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз