Қызметінен босатылған Павлодар қаласының әкімі желіде жазба жариялады

Сурет: Instagram/yerzhan_imanzaipov
4 қыркүйекте Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзайыпов қызметінен босатылған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызметінен кеткен әкім Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.

"Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары! Мен Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың шешімін келісіммен қабылдадым, өйткені соңғы оқиғаларға байланысты өз жұмысымды одан әрі жалғастыруға моральдық құқығым жоқ деп есептеймін. Мен аймақ басшысына сенім білдіргені үшін алғыс айтқым келеді, сонымен бірге барлық тұрғындардан әріптестерім үшін кешірім сұраймын", деп жазды ол.

Сондай-ақ ол өзінің өмірлік ұстанымдарымның бірі – жұмыста әділ және еңбекқор болу екенін баса атап өткен.


"Өкінішке орай, қысқа мерзімде жоспарлаған жобаларымызды соңына дейін жеткізе алмадым.Қызмет барысында қолдау берген әріптестеріме үлкен рахмет. Тек қана өздеріңізге сеніңіздер!", делінген жазбада.

Айта кетсек, Павлодар қаласы басшысының міндетін әкімнің орынбасары Қадиша Беготаева уақытша атқаратын болды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді