Астанада 7 қыркүйек күні кептеліс болуы мүмкін

Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 6 қыркүйекте Астана әкімдігі футбол матчына байланысты қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елорда әкімдігінің хабарлауынша, 7 қыркүйек күні "Астана Арена" стадионында сағат 20:00-де ЕУРО-2024 турнирінің іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Финляндия матчы өтеді.
"Бұл біздің команда үшін Еуро-2024 чемпионатына жолдама алу үшін шешуші матчтардың бірі болмақ. Қазірдің өзінде 30 000-ға жуық билет сатылып үлгерді. Стадионға аншлаг болады деп болжанып отыр. Ойын "Астана Арена" стадионында өтетіндіктен, Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарында кептеліс болуы мүмкін". Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Көлік кептелісін болдырмау үшін әкімдік жүргізушілерден бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Сонымен қатар әкімдік қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.

Ал 10 қыркүйек күні сағат 19:00-де Астанада Қазақстан құрамасы Ирландия құрамасымен ойнайды.
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді