Шымкент тұрғындары техникаларын онлайн сатамын деп, алаяққа алданып қалды

Шымкентте онлайн-сатылымға қойылған техниканы алаяқ тегін сатып алған, күдіктінің құрбандары OLX сайтында өздерінің пайдаланылған ноутбуктері мен үстелдік компьютерлерін сату туралы хабарландыру жариялаған жергілікті тұрғындар болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленушілер Тұран аудандық полиция бөліміне бір адамға қатысты арызданған. 24 жастағы тұтынушы тауарды сатып алу кезінде мүлік иесін келесі күні ақшалай аударым жасаймын деп сендірген. Сондай-ақ қаскүнем өзінің жеке құжаттарын жіберіп, күмән туғызбаған.

Уәде етілген күні қала тұрғындарына ер адамнан ешқандай ақша түспегендіктен мұны полицейлерге хабарлауды ұйғарған. Бес жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 2 миллион теңгеден асты.

Полиция Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Бірнеше рет жасалған алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол компьютерлік техникаларды ломбардқа өткізіп, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны белгілі болды. Қазіргі таңда оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Шымкент
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: