Қазақстанда байланыс пен интернетке қатысты ақаулар неден болды

Сурет: unsplash
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ұялы байланыс пен мобильді интернетте ақаулардың неден туындағанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 13 қыркүйекте қазақстандықтар мобильді интернетте ақаулар болғанын хабарлаған еді. Әсіресе ақаулар Tele2/Altel абоненттерінде байқалған.

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында министр кез келген жабдықты жаңартқан кезде белгілі бір техникалық разрядтар туындайтынын атап өтті.

"Сіздің сұрағыңызға келсек, байланыс операторы түнде белгілі бір техникалық жұмыстарды істеді. Таңертең оны қосқан кезде базалық станцияларға адамдар ағылған. Ол жерде белгілі бір мәселелер анықталды. Иә, бұл жаңғыртуға қатысты. Бүгінгі коммуникациялық инфрақұрылым жаңартуды қажет етеді және оны жаңартқанда осындай мәселелер болуы мүмкін. Кешірім сұраймыз".Бағдат Мусин
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды