Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таиландпен визасыз режим енгізілетінін хабарлады

Сурет: pixabay
Таиланд Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2023 жылғы 14 қыркүйекте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Екіжақты ынтымақтастықты нығайту және туризмді дамыту мақсатында Таиланд Корольдігінің Үкіметі 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 29 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін уақытша визасыз режимді енгізеді" – делінген хабарламада.
ҚР СІМ "қазақстандықтар Таиландта 30 күнге дейін визасыз бола алатынын" нақтылады.
"Ұзақ сапарлар үшін тиісті визаны ресімдеу қажет. Жарамды жол жүру құжаты ҚР азаматының паспорты болып танылады, оның қолданылу мерзімі шекараны өту кезінде 6 айдан асуы тиіс".ҚР СІМ

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Таиландтың Қазақстан азаматтарына 30 күнге визасыз жүруге рұқсат бергені күні бұрын белгілі болды. Елдің Туризм және спорт министрі Судаван Хоуп Суфакикосон осылайша елдегі кірісті арттыру жоспарланып отырғанын айтты.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі