Қазақстан құрамасының капитаны: Дэвис кубогында күтпеген нәтиже де болуы мүмкін

Сурет: ktf.kz
Дэвис кубогынің плей-офф кезеңінде 16-17 қыркүйекте Софияда өтетін матчқа орай Қазақстан және Болгария теннис құрамаларының капитандары алдағы матчтар туралы айты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандықтар капитаны Юрий Щукин қарсыласты бағаламауға болмайтынын айтты.

"Біз алдағы матчқа толықтай дайынбыз. Алдын ала келіп, корт пен осындағы жағдайға бейімделдік. Болгария құрамасы өз көшбасшысы Григор Димитровсыз ойнауы мүмкін, соған қарамастан, құрамы күшті. Дэвис кубогы – командалық ойын, сондықтан күтпеген нәтиже де болуы мүмкін. Біз қолдан келгеннің бәрін жасап, келесі кезеңге өтуге бар күшімізді саламыз", - деді Щукин баспасөз мәслихатында.

Болгария капитаны Валентин Димов Қазақстан құрамасын бәсекенің фавориті деп есептейді.

"Қазақстан мол тәжірибесімен және мықты құрамымен ерекшеленеді. Сондықтан біз оны фаворит деп санаймыз. Димитровтың жоқтығы туралы айтсақ, бәрі де күнтізбеге байланысты. Әлемдік рейтингте жоғары көтерілуге мүмкіндік беретін жарысқа қатыспауға болмайды", деді Димов.

Еске салайық, бұған дейін Дэвис кубогының плей-офф кезеңінде 16-17 қыркүйекте өтетін Болгария – Қазақстан матчының жеребесі тартылғанын хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы