Дэвис кубогы: Қазақстан – Болгария матчының жеребесі тартылды
Бәсекенің бірінші күні 16 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 15.00-де кортқа еліміздің екінші, әлемнің 123-ракеткасы Тимофей Скатов алғашқы болып кортқа шығады.
Скатов рейтингте 179-орында тұрған Димитар Кузмановпен сынға түседі.
Жиырма минуттан кейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 29-ракеткасы Александр Бубликке кезек келеді. Ол рейтингте 569-сатыдағы Янаки Милевтің шамасын байқап көреді.
Жексенбі күні, 17 қыркүйекке үш кездесу жоспарланған. Алдымен Александр Недовесов пен Андрей Голубев Александр – Донски – Александр Лазаровпен шеберлік байқасады. Содан кейін Бублик Кузмановпен, Скатов Милевпен кездеседі.
Жеңімпаз команда алдағы жылдың ақпанында Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне шығу үшін тағы бір қарсыласымен матч өткізеді.