Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан – Пәкістан матчының жеребесі тартылды

Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан – Пәкістан матчының жеребесі тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2025 17:22 Сурет: ktf.kz
Бүгін Астана қаласында Дэвис кубогы бірінші әлемдік тобында 1-2 ақпан күндері өтетін Қазақстан – Пәкістан плей-офф матчының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенбі күні ойын шымылдығын Александр Шевченко ашады. Ол пәкістандық Музамиль Муртазаны сынап көреді. Одан кейін Beeline Arena орталық кортында Бейбіт Жұқаев пен Хузайфа Абдул Рехманға кезек келеді.

Жексенбі күні Александр Шевченко – Тимофей Скатов жұптық сында Акел Хан – Музамиль Муртазамен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ жекелей сында Александр Шевченко – Хузайфа Абдул Рехман, Бейбіт Жұқаев – Музамиль Муртаза кездесулері жоспарланған.

Құрама капитандары бәсекеге бір сағат қалғанға дейін ойыншыларды алмастыра алады. Матчта үш ұтысқа қол жеткізген команда жеңімпаз атанады.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!

Cеріктестік материал

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: