Павлодарда мектеп ауласында былапыт сөйлеп, балаларға тиіскен тұрғын қамалды

Сурет: Zakon.kz
Павлодардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты мектеп ауласында былапыт сөйлеп және кәмелетке толмаған балаларға тиіскен облыс тұрғынына қатысты іс қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта тұрғын И. 2023 жылдың 14 қыркүйегінде Кенжекөл орта мектебінің ауласында айналасындағыларды сыйламай, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзғаны, кәмелетке толмаған балалардың мазасын алып, ұсақ бұзақылық жасағаны анықталды.

Сот отырысында күдікті И. кінәсін  толық мойындады. Оның кінәсі учаскелік полиция қызметкерінің баянатымен, куәлардың айғақтарымен дәлелденді.

Сот оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі