Шымкентте адам өлтірген топтың бір мүшесі іздестіріліп жатыр

Сурет: Шымкент полициясы
Шымкенттің Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 1986 жылы туған Түркістан тұрғыны Тәжибаев Ерлан Абдуллаевичті іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 2012 жылы қымбат маркалы автокөлікті алу үшін таныстарымен алдын ала сөз байласып, Шымкенттегі Темірлан тас жолының бойында бейтаныс ер адамды қасақана кеуде тұсынан атып өлтірген.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіру" бойынша тіркеп, жедел іздестіру жұмыстарына кірісті.  Сыбайластардың үшеуі Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларында ұсталып, қамауға алынды. Алайда Ерлан Тәжібаевқа қатысты жүргізілген іздеу жұмыстары оң нәтиже бермеді. Қазіргі таңда халықаралық іздеу жарияланды.

"Сондықтан, суретте көрсетілген ер адамды көрген-білгендер болса бірден полицияның "102" арнасына немесе 8-7252-97-66-44, 8701-555-28-06, 8775-777-23-05 байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызды сұрайды"Шымкент полициясы
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды