Тоқаев: Азаматтарымыздың, әсіресе жастарымыздың менталитеті едәуір өзгерді

Сурет: akorda
Тоқаев кейінгі екі жыл ішінде Қазақстанда көп іс атқарылды және саяси және экономикалық жүйені қайта қарап, жемқорлыққа қарсы күресті жандандыру мүмкін болды деп есептейді.

Ол бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының жалпы дебатында сөйлеген сөзінде айтты.

"Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар жөнінде қысқаша мәлімет беруге рұқсат етіңіздер. Жаһандық, аймақтық және геосаяси мәселелерге қарамастан, біздің қоғам мен Үкімет Әділетті Қазақстан құрып жатыр. Қысқа мерзім ішінде біз билік институттарын реформалап, Конституцияға маңызды өзгерістер енгіздік. Саяси және экономикалық жүйені қайта қарап, жемқорлыққа қарсы күресті жандандырдық. Соңғы екі жыл ішінде елімізде көп іс атқарылды. Осы уақыт аралығында азаматтарымыздың, әсіресе жастарымыздың менталитеті едәуір өзгерді. Президенттің мандаты 7 жылдық мерзіммен бір рет сайлану құқығымен шектелді. Аталған ұсыныс қазақстандықтар тарапынан қолдау тапты. Бұл қағидат келешекте де өзгермейді. Біз "Күшті Президент, ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет" қағидатын берік ұстанамыз" Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің сөзінше, бұл реформалардың түп негізінде әділдік, теңдік, адалдық және еркіндік қағидаттары жатыр.


"Менің пікірімше, кез келген жағдайда заң үстемдігін сақтау бәрінен басым тұруы қажет. Саяси реформалар мен адами капиталды дамытуға жұмсалатын инвестиция ғана экономикамызды әлдеқайда мықты әрі тұрақты ететінін жақсы түсінеміз".Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді