Таулы Қарабақтағы шиеленіске байланысты рейстердің кешігуі: Авиация комитеті түсініктеме берді

Сурет: pixabay
19 қыркүйекте Қазақстанның авиация саласының әкімшілігі әуе кеңістігін пайдалану бойынша қауіп-қатерлер мен тәуекелдерді басқаруды бағамдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның нәтижесі бойынша әкімшілік Әзірбайжан мен Арменияның әуе кеңістігінде ұшуды жүзеге асыру кезінде жолаушылар мен әуе кемелерінің қауіпсіздігіне әсер ететін белгілі бір тәуекелдер мен қауіптер бар деп шешті.

Қазақстанға ұшып-қонуды орындайтын қазақстандық және шетелдік авиакомпаниялар ұшу маршруттарына өзгерістер енгізді.

20 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстаннан Ұлыбританияға, Германияға, Польшаға, Италияға, Нидерландыға қатынайтын рейстер тоқтатылған жоқ, деп атап өтті Қазақстанның авиация әкімшілігі.

Бұған дейін қазақстандықтар әлеуметтік желіде Еуропадан елге орала алмай жатқандарына шағымданған.

Журналист Полина Шиманскаяның айтуынша, Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығысқа байланысты Еуропадан ұшып шыққан ұшақтар жарты жолдан кері қайтқан. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды