Петропавлда ер адам жаңа туған қызын бесінші қабаттан лақтырып жіберемін деп қорқытқан

Сурет: видео скрині
20 қыркүйек сағат 17:49 шамасында Петропавл полиция басқармасы Маяковского 93 мекенжайында орналасқан жатақхананың 5-қабатындағы бөлмеде төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына барған полицейлер бөлменің ішінде есікті құлыптап алған және нәрестені терезеден лақтырып жіберемін деп қорқытқан ер адам бар екенін анықтады.

Жатақхананың жанына учаскелік полиция инспекторлары, ТЖД, медицина қызметкерлері келді. ТЖД қызметкері өзін шатырға байлап, терезе арқылы ішке енді. Ер адамды еденге құлатып, есікті ашқан соң ішке қызметкерлер кіріп, бөлменің иесін қолға түсірді.


2023 жылы туған қыз бала алдын ала мәлімет бойынша зардап шекпеді. Нәресте медицина қызметкерлеріне берілді.

Ұсталған азамат СҚО-ның 23 жастағы тұрғыны, масаң күйде болған. Өзімен бірге тұрып жатқан 21 жастағы әйелі екеуінің арасында жанжал болған. Ер адам ортақ кішкентай нәрестесін терезеден лақтырамын деп қорқытқан. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды