Алматыда 300 мың шаршы метрден астам жол таңбасы сызылады
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда күн жылып, құрылыс маусымы басталысымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында жол таңбаларын жаңарту жұмыстары қолға алынды. Бұл туралы Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биыл қала бойынша 2 мыңнан астам жүргінші өткелін жаңарту жоспарланып отыр. Бұл олардың көрінуін арттырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар көлік легін реттеуде, қозғалысты жүйелеуде және жолда қозғалыс тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқаратын бойлық жол таңбаларын сызу жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр.
"Жалпы жұмыс көлемі кемінде 300 мың шаршы метр жол таңбасын қамтиды. Таңбалар негізінен түнгі уақытта сызылады. Бұл көлік қозғалысына түсетін жүктемені азайтып, жұмысты жедел әрі тиімді орындауға жағдай жасайды". Алматы әкімдігі
Әкімдіктің мәліметінше, жұмыстар кезең-кезеңімен, басым учаскелерді, көлік қозғалысының қарқынын және тұрғындардың өтінішін ескере отырып жүргізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript