Алматыда "вафельді" жолақтар мен ереже бұзушылықтарды тіркейтін камералар енгізіліп жатыр
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Көлік жүргізушілерінің Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 594-бабында көзделген талаптарды бұзуын болдырмау мақсатында қаланың он қарқынды қозғалысты қиылысында 1.28 санды жолақ – "реттелетін қиылыс аймағын белгілеу" (яғни, "вафельді" жолақ) сызылды.
Жаңа жолақтар келесі көше қиылыстарында пайда болды:
• Абай даңғылы – Назарбаев даңғылы;
• Абай даңғылы – Масанчи көшесі;
• Абай даңғылы – Брусиловский көшесі;
• Абай даңғылы – Момышұлы көшесі;
• Абай даңғылы – Тұрғыт Озал көшесі;
• Абылай хан даңғылы – Бөгенбай батыр көшесі;
• Сәтбаев көшесі – Наурызбай батыр көшесі;
• Сәтбаев көшесі – Жароков көшесі;
• Жандосов көшесі – Жароков көшесі;
• Розыбакиев көшесі – Төле би көшесі.
Бұл шара көліктердің тоқтаусыз жүруіне және жол қозғалысы кезінде көліктердің кептеліс жағдайында қиылыстың ортасында тоқтап, көлденең бағыттағы қозғалысқа кедергі келтірмеуге бағытталған.
Басты мақсат – жүргізушілер тәртібін күшейту, жол-көлік оқиғаларының санын азайту және әсіресе, қарбалас сағаттарда көлік қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз ету.
Әкімшілік полиция басқармасымен және "Көркем Телеком" ЖШС-мен бірлесіп, аталған аумақтарға фото және бейнебақылау камераларын орнату бойынша пилоттық жобаны алды. Егер оң нәтиже көрсетсе, жоба кезең-кезеңімен қаланың басқа көшелерінде де енгізіледі.
"Вафельді" жолақтар мен заманауи бақылау жүйелерін қолдану – Алматыдағы жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру және жол қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі.