Қар шығару жұмыстарының сапасын арттыру үшін Алматыда жол бойындағы боллардтар алынып жатыр

3 қарашадан бастап қалалық Жол қозғалысын және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру басқармасы веложолақтардың бойына орнатылған сигналдық боллардтарды алу жұмыстарын бастады., сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2025 15:39 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
3 қарашадан бастап қалалық Жол қозғалысын және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру басқармасы веложолақтардың бойына орнатылған сигналдық боллардтарды алу жұмыстарын бастады.

Бұл жолдарды қар мен мұздан кедергісіз тазалау және көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.

Уақытша қоршауды алып тастау коммуналдық қызметтерге механикалық тазалау жұмыстарын тиімді атқаруға, жол жиегінде қар үйінділерінің пайда болуын болдырмауға және қозғалысқа қатысушылар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, велоинфрақұрылым сақталып, қызметін жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптары мен стандарттарына сәйкес жалғастыра береді.

Осыған байланысты, Жол қозғалысын ұйымдастыру басқармасы жүргізушілер мен жүргіншілерге Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін, сондай-ақ жол белгілері мен таңбаларын қатаң сақтауды ескертеді. Тәртіптің орындалуына құзырлы органдар тарапынан бақылау жүргізіледі.

Боллардтарды алу жұмыстары қысқа мерзімде аяқталады. Қаланың қызметтері қысқы кезеңге арналған дайындық шараларын жалғастырып, барлық жол қозғалысы қатысушылары үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасауға күш салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: