Астанада брендтік бутиктен киім ұрлаған азамат ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Елордалық дүкеннің өкілі сөреден тауардың ұрланғаны туралы полицияға хабарлаған. Аталған қылмыс қаладағы ірі сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде орын алған.

Ұрлық сәті сауда залында орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнежазбада белгісіз ер адам бутикке келіп, ілулі тұрған күртешені алып кетіп бара жатқаны көрінеді.

Белгілі болғандай, ер адам брендтік дүкеннің алдынан өтіп бара жатып, тауарлар сөресінде тұрған құны 189 мың теңге тұратын күртешеге көзі түскен.

Жан-жағында адам жоғын пайдаланып, киімді ілгіштен шешіп алып, белгісіз бағытта кетіп қалған. Есіл ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде аталған ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен ер адамды анықтады.

Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 26 жастағы елордалық азамат болып шықты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру тәртібі өзгерді

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Пробация инспекторлары ес-түссіз жатқан сотталған азаматтың өмірін сақтап қалды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қызметтік көлікпен әйелді қағып өлтіріп, қашып кеткен: Алматы облысындағы ХҚКО қызметкеріне қатысты дау