Алматыда екі жасөспірім жалға алған пәтерлерін қайта жалға берген

Сурет: Zakon.kz
Алмалы ауданының полицейлері анықтағандай, 20 және 17 жастағы азаматтар болжам бойынша тамыз айынан бері алаяқтықпен айналысқан, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Қылмыстық іс материалдарынан белгілі болғандай, алғашында жастар ғаламтор арқылы өздерінде жоқ пәтерлерді күнделікті жалға беру туралы хабарландыруларды таратқан. Олар алдын ала төлемді алған соң, ұялы телефондарын өшіріп тастаған. Әрі қарай, ағайындылар өздері бір күнге жалға алған пәтерлерді ұзақ уақытқа жалға беруге кірісті. Кейде олар бірнеше айдың жалдау ақысын алатын. Алданған азаматтар полицияға көмек сұрап жүгінген. Күдіктілер ұсталды". Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов

Қазіргі уақытта осыған ұқсас алты эпизод анықталды. Күдіктілердің жеке басы басқа да алдау әрекеттеріне қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз