Алматылықтарға қатты жаңбыр мен желге байланысты ескерту жасалды

Сурет: pixabay
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеме жасады. Жұма, 22 қыркүйек күні қалада жаңбыр жауып, ол күннің соңына дейін созылатыны айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар департаменті маршрутты реттеуді, көліктің жылдамдығын азайтуды, апат шамдарын қосуды немесе қатты жаңбырдан сақ болып, үйде немесе жұмыста күтуді ұсынды.

Жеке үйлердің иелері жаңбыр суын ағызу үшін нөсер кәріздерін және басқа дренаждық жүйелерді дайындау бойынша шаралар қабылдауы керек.

Жаңбыр жауып тұрған сәтте сыртта қалсаңыз:

Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы болжанған жауын-шашынға байланысты 46 патрульдік топ ұйымдастырылғанын айтты.

"Су тасқынының алдын алу және жою үшін барлығы 165 арнайы техника, 26 мотопомпа және 836 жол қызметкері жұмылды.1825 құм салынған қап дайындалды. Аудан әкімдіктерінде жұмыс барысын бақылау бойынша кезекшілік ұйымдастырылды".Алматы Инфрақұрылымды дамыту басқармасының баспасөз қызметі

23 қыркүйекке қараған түнге дейін өткінші жауын-шашын болатыны айтылды. Ауа температурасы күндіз 12-14 градус жылы болады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған