Солтүстік Қазақстан облысында ТЖД бастығы ауысты

Сурет: gov.kz
2023 жылғы 22 қыркүйекте Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сатжан Аблалиев облыстың төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымына тағайындалған полковник Ерік Темірханұлы Сарыбаевты таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерік Сарыбаев 1976 жылы 28 мамырда Түркістан облысы Ордабасы ауылдық округінің Темірлан ауылында дүниеге келген.

"Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс" және "Әскери бөлімдер мен құрамаларды басқару" мамандықтары бойынша М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен және Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын бітірген.

Азаматтық қорғау органдарындағы қызметін 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің авариялық-құтқару қызметі бөлімінің аға офицері қызметінен бастады. Соңғы лауазымы -Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу саласында үлкен жұмыс тәжірибесі бар.

Ерік Сарыбаев бұрын ТЖД бастығы болған, кейін ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болып тағайындалған полковник Рамиль Камаловтың орнына келді.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды