Ақбөкендер реттеуге жататын жануарлар тізіміне енгізілген

Сурет: zakon.kz
Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2023 жылғы 19 қыркүйектегі бұйрығымен ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурулардан қорғау, сондай-ақ жануарларға зиян келтірудің алдын алу мақсатында саны реттелуге жататын жануарлар түрлерінің тізбесіне өзгерістер енгізді.

Атап айтқанда, халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурулардан қорғау, қоршаған ортаға залал келтірудің алдын алу, ауыл шаруашылығы қызметіне елеулі зиян келтіру қаупін болдырмау мақсатында саны реттеуге жататын жануарлар түрлерінің тізбесіне ақбөкендер қосылды.

Бұл тізімге мыналар да кіреді:

Бұйрық 2023 жылғы 6 қазанда күшіне енеді.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында ақбөкендердің миллион гектар жайылымдық жерді таптап, 1300 шаруа қожалығы зардап шеккені, Ақмола, Ақтөбе және басқа да облыстарда егіннің жойылғаны хабарланған болатын.

Қазақстанда ақбөкенді атуға мораторий 2024 жылға дейін күшінде. Қазіргі уақытта елімізде олардың саны 3 миллионға жуықтаған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Сәрсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Мектептер мен колледждердегі білім беру стандарттары өзгерді