Бас прокуратура ұрлық көп жасалатын өңірлерді атады

Сурет: pixabay
Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қазақстанда жасалған ұрлық жөніндегі статистикасын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Статистика бойынша, Қазақстанда 2023 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша ұрлық (Қылмыстық кодекстің 188-бабы) 28,2%-ға төмендегені байқалады (өткен жылғы 42 752 іске қарсы 30 173 іс).

Ұрлық көп жасалатын өңірлер:

  • Алматы (қ) - 7154,
  • Астана (қ) - 3541,
  • Алматы -2197,
  • Қарағанды - 2114,
  • Қостанай – 1519,
  • Ақтөбе -1413, облыстарында және 1447-сі Шымкент (қ).

Ұялы телефондар ұрлығы 11,3%-ға төмендеді.

 Еліміз бойынша барлығы 7967 (8984) осындай қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген.

 Олардың басым бөлігі:

  • Алматы (қ)- 2287,
  • Астана (қ) - 844,
  • Алматы - 576,
  • Қарағанды - 527,
  • Ақтөбе - 424,
  • Абай – 431, облыстарында және Шымкентте – 467 ұрлық жасалған.

Автокөлік ұрлығы бойынша да ұрлық саны төмендегені байқалады, барлығы 197 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 14,3%-ға аз.

 Пәтер ұрлығы бойынша да қылмыстың 3303-тен 2707-ге немесе 18%-ға төмендеу динамикасы байқалады.

Мал ұрлығы фактісі бойынша 960 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, төмендеу 17,7%-ды құрайды.

Мал ұрлығы фактілерінің көбі:

Алматы -172,

Батыс Қазақстан – 124,

Түркістан -124,

Жетісу - 93,

Жамбыл – 68,

Абай - 66 облыстарында тіркелген.


Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды