Оралдағы әуежай екі күнге жабылады

Сурет: ҚР ИИДМ
Орал қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежай қазан айында екі күнге жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуежай ұшу-қону алаңында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жабылады.

"Әуе айлағы 8 қазанда сағат 2:00-ден бастап 10 қазанның 5:00-ге дейінгі уақыт аралығына жабылады. 12 қазан - резерв күні, сағат 1:30-дан 17:00-ге дейін. Бұл ұшақтарды пайдалану және жолаушыларға қызмет көрсету қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мәжбүрлі шара", деп хабарлайды "Мой город" басылымы әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жөндеу жұмыстарының уақыты қолайлы ауа райы жағдайларын және ұшу санының азаюын ескере отырып айқындалған.

Сондай-ақ, 23 қыркүйектен 23 қазанға дейін Ақтау әуежайы таңертеңгі және кешкі рейстер кезінде ғана жұмыс істейтін болады.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді