Қазақстанда inDrive мен Яндекс жүргізушілеріне қатысты заң талаптары қатаңдатылады

Сурет: Zakon.kz
Көлік министрлігінде 2023 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстандағы inDrive мен Яндекс бойынша жеке тасымалдаушылар үшін қандай шектеулер енгізілуі мүмкін екендігі айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Брифинг барысында Көлік министрлігіне қарасты комитет басшысы Әли Алтай inDrive және Яндекс жүргізушілері көбірек тапсырыс аламын деп дұрыс демалмайды, салдарынан жолда абай бола бермейді.

"Олар (такси жүргізушілері) бір күнде тоғыз сағаттан артық жұмыс істемеуі керек. Мұны елемегендер ақырында жолдағы қырағылықты жоғалтады. Бізде жол апатының 35%-ы осындай жағдаймен байланысты", - деп атап өтті Әли Алтай.

Қазақстанда inDrive және Яндекс жеке тасымалдаушылардың жауапкершілігін қарастыратын заңға енгізілуі тиіс түзетулер дайындалуда. Сонымен қатар, көлік министрлігі заңсыз такси жүргізушілеріне қарсы күрестің Жол картасы әзірленіп жатқанын да айтты. Енді inDrive мен Yandex таксидің заңды жүргізушілері тәулігіне 8 сағат қана жұмыс істей алады деп бажайланады. 


"Тасымалдаушылар сегіз сағаттан артық жұмыс істей алмайды. Ол тек сегіз сағат бойында белсенді бола алады. Басқа уақытта ол тапсырыстарды қабылдай алмайды. ІІМ-мен белсенді түрде такси жүргізушісі қанша тапсырыс қабылдай алатындығына қатысты талдау жүргізетін боламыз", - деп атап өтті спикер.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды