Тоқаев Euler Hermes агенттігінің басқарма мүшесі Эдна Шенені қабылдады

Сурет: akorda
Қасым-Жомарт Тоқаев Euler Hermes агенттігінің басқарма мүшесі Эдна Шенені қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, кездесу барысында экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, соның ішінде қаржылық сақтандыру саласында бірлескен жобаларды әзірлеу, тәжірибе алмасу және оқу бағдарламаларын ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Мемлекет басшысы Euler Hermes агенттігінің Қазақстан үшін маңызды серіктес екеніне назар аударды. Компания кредитті сақтандыру ісінде жаһандық көшбасшы саналады және кешенді қаржылық шешімдер жасайтын әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі – Allianz Group тобының құрамына кіреді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан даму банкі мен Helaba банкі арасында Қаржылық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаны жөнінде мәлімет берілді. Аталған келісімге сәйкес AltynAlmas Reagents компаниясының цианид натрий өндіретін химиялық зауытының құрылысына 100 миллион евроға дейін қаржы бөлу қарастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті