Еліміз бойынша 2 қазанға арналған ауа райы болжамы

Сурет: pxhere
"Қазгидромет" РМК 2 қазанға арналған синоптикалық жағдай мен Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады деп күтіледі.

"Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс өңірлерде, еліміздің орталығында атмосфералық бөліктердің жүруіне байланысты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республикамыз бойынша тұман көрініс тауып, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде, күндіз еліміздің орталығында екпінді жел тұрып, күндіз орталықта бұршақ жауады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының батысында топырақ беті қатып, сынап бағаны 1-2 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп болжанады. 

Түркістан өңірінде, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, солтүстік-батысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды