Қазақстанның қай өңірінде егіздер көп дүниеге келген

Сурет: unsplash
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы елімізде егіз бен үшемнің дүниеге келуіне қатысты статистика мәліметтерін бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 2022 жылы 8 268 егіз, 151 үшем дүниеге келген.

"Туған егіз саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – 1185 егіз. Одан кейін Алматы қаласы және Алматы облысы, сәйкесінше, 782 және 756 егіз".Ұлттық статистика бюросы

Үшемнің дүниеге келуі бойынша алғашқы үштікті Түркістан облысы (24 үшем), Алматы (21) және Астана (18) бастап тұр.

"Өткен жылы төртем дүниеге келген жоқ". Ұлттық статистика бюросы

Жалпы 2022 жылы туғандар саны – 1403,9 мың адам.

"Жоғары туу көрсеткіші Маңғыстауда (1000 тұрғынға шаққанда 28,53 адам), Түркістан (27,67) облысы мен Шымкент қаласында (27,13) байқалды. Туу бойынша негізгі үлес 30-34 жас аралығындағы (28,6%) және 25-29 жас аралығындағы әйелдерге тиесілі (28,1%)".Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған