Қазақстанның алты қаласында ауа жоғары деңгейде ластанады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 5 қазан күні еліміздегі алты қалада зиян заттар жоғары деңгейде бөлінеді деп болжап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында ауа ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болады.

Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғал, ауа температурасы).

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 5-7 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.

Қазақстан
Атырау
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді