Демалыс күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады

Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 7-9 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде фронтальды бөліктердің әсерінен синоптикалық жағдай қалыптасады. Синоптиктердің болжауынша, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.

"Қазақстанның батысында бұршақ жаууы мүмкін, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде қар аралас жаңбыр жауады деп болжанды.  Қазақстан Республикасының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі". "Қазгидромет" РМК

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы түнде 2-12 градус жылы болады.

7 қазанда солтүстікте кей жерлерде 1 градусқа дейін үсік сақталады, күндіз еліміздің солтүстік жартысында 10-20, оңтүстік жартысында 15-27 градус жылы болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін