Тель-Авивтен Air Astana ұшағымен қанша қазақстандық ұшып келуі керек еді

Қауіпсіздік мақсатында халықаралық әуекомпаниялар Тель-Авивке/Тель-Авивтен рейстерді тоқтатты, Air Astana әуекомпаниясы ұшуға ниет білдірген жолаушыларды тасымалдаудың балама нұсқаларын іздестіруді жалғастырып жатқанын хабарлады.

Тель-Авивтен Алматыға жоспарланған КС650 рейсіне 138 жолаушы билет алған, оның ішінде 37 қазақстандық бар. 7 отандасымыз Air Astana интерлайн-серіктес әуекомпанияның рейсіне қайта брондалып, 19 адам билет құнын толық қайтаруды таңдаса, 3 жолаушы әлі ойланып жатыр.

"Сондай-ақ, әуекомпания Алматы-Тель-Авив бағыты бойынша орындалмай қалған КС649 рейсіндегі шетелдік жолаушыларына билеттерді қайта брондауға жәрдемдесті. Жолаушылардың қалауына сәйкес Түркия мен Грузияға ұшуға балама берілді". Air Astana

Air Astana Израильдегі ҚР Елшілігі ашқан WhatsApp чатында кеңес беріп, қолдау көрсету үшін арнайы қызметкерін тағайындады; және Израильге/Израильден ұшуға қатысты мәселелер бойынша тәулік бойы қызмет ететін жедел желіні құрды: +7 (727) 244 44 78, +7 702 702 0074 (WhatsApp).

"Әуекомпания Израильден ұшуға ниет білдірген барлық қазақстандықтардың оралуын қамтамасыз ету үшін бар күшін салып жатыр. Жолаушылардан қауіпсіздік шараларын сақтауды және әуекомпанияның жаңартуларын мұқият қадағалауды сұраймыз".Air Astana
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: