Қаржы пирамидасы Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын 350 миллион теңгеге сан соқтырған

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен "Chia Tai - Tianqing Pharmaceutical" қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған фирманы ұйымдастырушылар 2022 жылдың қазан айынан 2023 жылдың сәуір айына дейін "Telegram" мессенджері арқылы жалған фармацевтикалық компания болып танылып, салымшылардан заңсыз ақша алған.

Қаржы пирамидасына Шығыс Қазақстан облысы бойынша 234 азамат 350 млн теңгеден астам қаражат салған.

Іс бойынша қаржылық пирамиданың құрылымдық бөлімшесінің басшысына соттың санкциясымен "Қамақта ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды.

Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз.

Егер Сіз және Сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, тұрғылықты жеріңіз бойынша ЭТТД хабарласуыңызды сұраймыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі