Қарабаев: Израильден Қазақстанға қосымша рейс қарастырылып жатқан жоқ

Сурет: Zakon.kz
Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстан азаматтарын Израильден Қазақстанға эвакуациялау үшін қосымша рейс жіберу қарастырылмағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

11 қазанда Мәжіліс кулуарында министр Израильде жүрген қазақстандықтардың елге оралуы мәселесіне түсініктеме берді.

"Қосымша рейс қарастырылып жатқан жоқ, жалпы кеше (10 қазан. – ред) Тель-Авив – Ақтау – Алматы бағыты бойынша Қазақстанға 166 азамат жеткізілді. Ал ұшақ 180 адамға есептелген. Елге қайтқысы келетін барлық азаматтар Қазақстан Республикасының аумағына жеткізілді. 166 адамның ішіндегі 42 жолаушы шетел азаматтары". Марат Қарабаев

Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары мен үйдегі туыстары үшін сенім телефонын ашты. Бір-екі күнде желіге 500-ден астам қоңырау мен өтініш түскен.

Қазақстан
Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды